21 Тамыз, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Биыл Астанада 8 мектеп үш ауысымда жұмыс істейді. Қала әкімдігі мектептердің үш ауысымда жұмыс істеуін халық санының көбеюімен түсіндіріп отыр.
"Демографиялық және көші-қон процестері есебінен оқушылар контингентінің жыл сайынғы өсуіне байланысты бүгінде қала бойынша 8 мектеп үш ауысымдық режимде жұмыс істейді. 2025 жылға дейін оқушылардың орын тапшылығы мәселелерін шешуге арналған «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасын іске асыру аясында елордада 44 400 орындық 24 мектеп салу жоспарланған", – делінген ресми жауапта.
Бұл туралы Halyq Uni порталы хабарлады. Атап айтқанда, №27 мектеп-лицейі, № 37 орта мектебі, № 53 мектеп-лицейі, № 59 мектеп-лицейі, № 79 мектеп-лицейі, № 83 мектеп-гимназиясы, № 85 мектеп-лицейі, № 89 мектеп-лицейі үш ауысымда бала оқытады.
Әкімдіктің хабарлауынша, мектеп мәселесін шешуге 76,9 млрд теңге бөлінген.
"2023 жылы екі ауысымда 16 600 орындық 11 мектеп құрылысын аяқтап, пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан 21,9 млрд теңгеге 10 мектептің құрылысы қаржыландырылады", – дейді Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, Астанада жалпы білім беретін 101 мемлекеттік мектеп бар, соның ішінде 35 қазақ, 3 орыс және 63 аралас мектеп бар.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір